Бүгінгі таңда атом  электр станциясы біздің елімізге бірнеше себептермен  өте қажет. Солардың ішіндегі ең бастысы сол арқылы алынатын тұрақты әрі арзан электр энергиясы. Ал әлем елдерінде қолданып жатқан электр станциялары біздің келешекте тұтынуымызға қажетті электр қуатын толық көлемде бере алмайды немесе олар бізге экономикалық тұрғыдан қымбатқа түседі. Ол себепті АЭС салу еліміз үшін ең тиімді жол болғалы тұр.
         Енді бір адамдардың ол жарылып кетсе, не боламыз? деп шошынып оған қарсы болуы мүмкін. Алайда қорқа берсек ешқашан да алға жылжушылық болмайтынын естен шығармауымыз қажет. Келешек жастарымызға технологияның дамыған заманында электр энергиясын өте қажет болады. Онсыз ешнәрсе де істей алмаймыз. Соны ұмытпауымыз қажет.
     Экономикасы ғарыштап дамыған елдердің қатарында адымдап жүруіміз үшін жастарымызға  жаңа технологияларды жан-жақты меңгертулеріміз қажет. Себебі олар біздің болашағымыз, соларға өзіміз үлгі көрсетіп, озық технологиялардың пайдалы тұстарын түсіндіруіміз қажет деп ойлаймын.
Шалабай ТОХАТОВ,
Зейнеткер, Жетісай ауданы.
АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ МОЛ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған