Жетісай ауданында  тұрғындар арасында дене шынықтыру мен спорт саласын кеңінен насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлуінің нәтижесінде, аудандағы елді мекендердің аумағынан түрлі спорт нысандары бой көтеріп, спортты жанына серік етушілердің де саны күнннен-күнге артып келеді.
       Ауданымызда – қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығы мен техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен ерекшеленетін спорттың үстел теннисі түрін дамыту мақсатында құрылысы басталған заманауи кешеннің жұмыс алаңында болған аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен жан-жақты  танысты.
       Құны 1 млрд. теңгені құрайтын спорт кешені Асықата кентінде 1 гектар аумақты  орналасатын болады. «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен іске қосылатын 2 жаттығу залының біріне 9 теннис үстелі, ал екіншісіне 3 күрес кілемі, бокс рингі, тренажер жабдықтары, сонымен қатар ерлер бөлмесінде 15 төсектен және әйелдер бөлмесінде 15 төсектен тұратын әкімшілік блок орналастырылатын болады.
       Аудан басшысы С.Үсенұлы: «Спорт – тәрбие құралы. Жас ұрпақтың жүрегіне Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші. Себебі, спортты сүю, оны серік етуге баулу арқылы балаға тек салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймаймыз, сонымен қатар, бойларында еңбекқорлық, төзімділік, әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастырамыз. Спортпен айналысатын жастар көшенің теріс ықпалынан алшақтап, зиянды әдеттерден аулақ болады. Сондықтан, ел болашағы саналатын жастарымыздың дұрыс қалыптасуы жолында маңызды рөл атқаратын нысанның сапасы жоғары, заманауи үлгіде болуы маңызды» деп, мердігерлерге қааң тапсырма берді.
       Ағымдағы жылдың шілде айында басталған, 200-ге тарта адам бір мезетте жаттыға алатын осы кешеннің құрылыс жұмыстары 2025 жылдың 31 наурызында толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
         Осы жерде айта кетерлік жай – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын бірден-бір көрсеткіш саналатын спорт саласының үстел теннисі түрімен бүгінде ауданымызда 210 бүлдіршін тұрақты түрде шұғылданып келеді.
АСЫҚАТАДА ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған