31 мамырда Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізеді.

Атап айтқанда, дүниеден өткен қаламгерлердің басына зиярат етіліп, құран бағышталады. Кеңсай зиратында жатқан тұлғалардың бейітінде тазалық жүргізіледі. Сондай-ақ жазушылар туралы естеліктер айтылып, ақындардың өлеңдері оқылады. «Өлі разы болмай, тірі байымас» демекші, әруақтарға бағыштап мал сойылып, ас беріледі.

Алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ.

Айта кетейік, 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі — жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.

«ӘРУАҚҚА ТАҒЗЫМ» ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған