Ортаңғы «Күншуақ» топ.

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік.
Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Олай болса ертеңгілігімізді ашып беру ушін балабақша менгерушісі Дуйсенкул апаймен әдіскеріміз Гулнур апайга сөз кезегін береміз

Алғашкы әсем ән шашуды к
Қабыл алыңыздар
Ән:“Анашым” орындайтын Марал кызымыз
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем:
Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн – әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі.
Мен сендерге сұрақ қоямын седер өз аналарынның атын айтып жауап беріңдерші (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп – көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бұл бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасағаннан кейін анам мені далаға қуып жіберді.
Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта.
Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?
Ойын: «Анамызға гүл сыйлаймыз»
Бұзақы: Ойқандай жақсы балаларсыңдар мен сендерге ризамын енді менде бұзық болмаймын сендерге ұрлаған кілтті беремін менде анама гүл алып кешірім сұраймын сау болындар балалар
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен балалар бұл кампиттерде сендерге көктем тапсырма жасырып кетіпті бұл кампиттерді жеу үшін тақпақ ән айту керек екен
Балалар кане такпақ айтамызызба?
- Мустафа:
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
- Расул:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
3. Акжайык:
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам деген даусыннан
Мен мәз боп оянам
4.Марал:
Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
5. Жасмин:
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
- Айсултан:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
7. Абеке:
Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
8.Аружан:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
9. Мурагер:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
10. Ансаган:
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
11. Мадияр:
Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.
2. Екінші кәмпит.
Ән: Жасмин кызымыз
3. Үшінші кәмпит
«Гулдер» биі
4. Төртінші кәмпит
«Кел билейік»
Жігіттер биі
5. Бесінші кәмпит
Би: «Қанекей кір жуайық»
Жарайсындар! балалар сендер бүгінгі ертенгілікті өте жақсы деңгейде алып өттіңдер.Сендерге Көктем ханшайымы берген кампиттерді бөліп беремін.
Құрметті аналар, апалар, тәрбиеші апайлар көніл бөліп
уақыт бөлгендеріңіз үшін көп көп рахмет. Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды кездескенше сау болыныздар.
1 Мустафа:
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
2 Расул:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
3. Акжайык:
Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам деген даусыннан
Мен мәз боп оянам
4.Марал:
Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
5. Жасмин:
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
- Айсултан:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
7. Абеке:
Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
8.Аружан:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
9. Мурагер:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
10. Ансаган:
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
11. Мадияр:
Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.
З.МАХЕТОВА,
«Асылнұрай» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.