Мемлекет басшысының халыққа жолдаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын кеңінен түсіндіру мақсатында құрылған аудандық ақпараттық-насихат топ мүшелері Жетісай қаласында «Қазпошта» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу барысында пошташыларға Жолдауда көтерілген бастамалар мен алға қойылған міндеттер түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді. Мекеме қызметкерлері тарапынан салықтық төлемдерге қатысты сұрақтар жиі қойылып, пікірлер айтылды.
«Мемлекет басшысы пайданың технологиялық жаңғыруға және ғылыми әзірлемелерге жұмсалған бөлігіне салынатын корпоративті табыс салығын төмендету немесе одан босату тәсілін енгізу керектігін, сауда-саттық заман талабына сай дамуы үшін мөлшерлемесі ойға қонымды әрі рәсімдері қарапайым бөлшек сауда салығын қолдану аясын кеңейту мәселелерімен қатар шет елдерден әкелінетін көліктерді заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынды.
Мұның өзі Президентіміздің көрегендігі» деді жиын соңында ақпараттық топ мүшелері.
АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОП МҮШЕЛЕРІ ПОШТАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған