Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға қала, ауыл әкімдері, дербес бөлімдер және мекеме, ұйым басшылары қатысты.
Әкімдік мәжілісінде негізінен төрт түрлі мәселе қаралып, талқыланды. Күн тәртібіндегі «Ауданда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғарғы оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің халыққа есеп беру кезедсуінде тұрғындардан келіп түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуы туралы» аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайсар Нұрманов хабарлама жасады. Хабарламашының мәліметінше аудан әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен есепті жиындарында аудан тұрғындарынан жалпы 20 ұсыныс-пікір түскен. Олардың ішінде ауыз су туралы 4 мәселе болса, жер бойынша 2, жол жөндеу бойынша 1, білім нысандарын жөндеу бойынша 1, электрлендіру және газдандыру бойынша 3, ауыл шаруашылығындағы каналдар мен ағын су бойынша 7, әртүрлі мәселе бойынша 2 ұсыныс-пікір айтылған. Қала және ауылдық округтерде тұратын тұрғындар тарапынан айтылған осынау ұсыныс-пікірлердің орындалуы үшін арнайы іс-шара жоспары жасалынып, тиісті мерзімдері бекітілген.
«Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер оң шешімін табуы қажет» деген аудан әкімі Қайрат Жолдыбай есепті жиында айтылған мәселелердің орындалуы жөнінде тиісті мекеме басшыларына қатаң түрде тапсырма берді.
Әкімдік мәжілісінде мұнан басқа да «Көктемгі дала жұмыстарының барысы және ауыл шаруашылығы саласындағы 2020 жылдың «Даму» бағдарламасы бойынша межеленген индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы, ағымдағы жылы 2021 жылдың «Даму» бағдарламасы бойынша межеленген индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы» аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұл, «Көксу ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» Көксу ауылдық округінің әкімі Исатай Әділхан, «Ақшеңгелді ауылдық округіндегі ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі Сержан Бейсенов баяндама жасады.
Жиын барысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудан әкімінің орынбасары Ағатай Тәженов бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сауалдар қойып, оларға жауаптар қайтарылды. Әкімдік мәжілісі соңында тиісті қаулы қабылданды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған