« Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының негізгі бағыты аграрлық саладағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.
Агроөнеркәсіптік кешені саласы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының 2022 жылғы кәсіпкерлік субъектілері мен шаруаларды қаржыландырудағы жаңа бағдарламасын түсіндіру бойынша мәжіліс өткізілді.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев ашып жүргізіп отырды. Мәжіліске «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының несиелендіру департаментінің директоры Шалбаев Аманжол Рустембекұлы, аудандық фермерлер қауымдастығы, аудандық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ауыл әкімдіктерінің салаға жауапты мамандары, кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Мәжіліс негізінен сұрақ-жауап түрінде өткізілді.
Қатысушыларға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының 2022 жылға кәсіпкерлік субъектілері мен шаруаларды қаржыландырудағы жаңа бағдарламасының негізгі басым бағыттары бойынша кеңінен түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен шаруалар тарапынан несиелендіру бойынша басты мәселелері мен ұсыныстар талқыланды. Айта кетсек, еккен өнімдерін сақтайтын қойма салудағы қиындықтар, кепілдікке қойылатын мүліктің өте төмен бағалануы, үлкен қалаларындағыдай бағалау коэффициентін барынша жоғарылату, ауыл шаруашылығына дақылдарына өсіруге 1 гектарға бөлінетін несие нормативін төмендігін ескере отырып, қайта қарау қажеттілігі, қысқа мерзімде ішінде оңтайлы түрде несие беруді ұсыну және тағы да басқа мәселелер сөз болды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев мәжілісті қорытындылай келе, жоғарыда көтерілген мәселелер мен ұсыныстар орынды екенін айтып, жоғары жаққа ұсыныс берілетіндігін жеткізіп, мәжілісті қорытындылады.
АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ