Мамандар Қазақстандағы электр энергиясын тұтыну көлемі 2023 жылы 115 миллиард кВт/сағат болғанын айтуда. Оның 3,4 млрд. кВт/сағатын сырттан сатып алдық, яғни импорттадық. Қазіргі болжам бойынша, бұл дефицит көлемі жылма-жыл өсе береді.

Қолданыстағы көмірмен жұмыс істеп, әбден тозығы жетіп тұрған жылу электр станцияларының да жағдайы өте мүшкіл. Сондықтан, олардың энергетикалық қуаты жыл санап төмендеген сайын энергия өндіру көлемі де азая береді.

Бұл жерде Қазақстанға төнетін қауіп – былтыр бізге 3 миллиард кВт/сағаттай энергия импорттауға Ресейдің мүмкіндігі болды. Егер көрші елде де энергия тұтыну көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерсек, келесі жылы Қазақстанға беретін энергияның импорттық көлемін азайтуы да мүмкін. Ондай жағдайда Қазақстан Үкіметі электр жарығын тұтынушыларға сағатпен беру, тіпті кейбір өндіріс ошақтарының жұмысын тоқтату сияқты мәжбүрлі шараларға барады. Сол себепті де ертерек өз қамымызды жасап, сырттан келуі күдікті электр энергиясына үміт артуды қою керек. Ал АЭС  сол мәселенің ең  тиімді шешімі болары анық.

Нұрман ӘБДІҚАДЫРОВ, заңгер,

Мақтаарал ауданы.

АЭС САЛУ – ӨТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған