

Облыс аумағындағы мешіттерде жұма намазы кезінде азаматтардың көп шоғырлануына байланысты прокуратура қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтық пен ұрлық қылмыстарының алдын алу, сақтық шараларын сақтау жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар:
• маргиналды жастардың құқық бұзушылыққа бейім болуының алдын алу;
• қыз алып қашу, соның ішінде мәжбүрлі түрде некеге тұрғызу фактілерінің заңсыздығы және қылмыстық жауаптылығы;
• тіркелмеген діни оқу орындарында білім алудың салдары;
• әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды таратпау және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары кеңінен баяндалып, профилактикалық мазмұндағы брошюралар таратылды.
Прокуратура органдары азаматтарды қырағылық танытуға, заң талаптарын сақтауға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
