Ш. Құдайбердиев атындағы №32 жалпы білім беретін мектепте 6 «Ә» сыныбы оқушыларына арналған «Мейірімділік – адамдықтың бастауы» тақырыбында мазмұнды да тағылымды тақырып сағаты өткізілді. Тәрбиелік іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіру, оқушыларды ізгілікке, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу болды.

Тақырып сағаты барысында сынып жетекшісі Абдуллаева Арайлым оқушыларға мейірімді болудың адам өміріндегі маңызы туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Мейірімділік – адам баласының ең асыл қасиеттерінің бірі екені, оның жүректен шығатын шынайы сезім екені айтылды. Ұстаз оқушыларға мейірімділік пен жанашырлықтың адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, татулық пен сыйластықты қалыптастыратынын нақты мысалдар арқылы жеткізді.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Олар күнделікті өмірде жасаған жақсы істері, өзгеге көрсеткен көмектері туралы әңгімелеп, мейірімді адамның қандай болатынын сипаттады. Сонымен қатар, адамгершілікке тәрбиелейтін нақыл сөздер мен өлең шумақтары оқылып, жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Бұл тапсырмалар арқылы балалар үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, айналасына жанашыр болу секілді құндылықтарды тереңірек ұғынды.

Тақырып сағатының маңызды бөлімдерінің бірі – жақсылық жасауға ынталандыру болды. Оқушыларға «жақсылықты қайтарым күтпей жасау» ұғымы түсіндіріліп, әрбір ізгі іс қоғамға жылулық сыйлайтыны айтылды. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, достық пен сыйластықтың маңызын сезінді.

Іс-шара соңында «Мейірімділік – адамдықтың бастауы. Әрқайсымыз жүрегімізде мейірім сақтасақ, әлем де әдемі болады» деген түйінді ой айтылып, оқушыларды әрдайым мейірімді, қайырымды, адамгершілігі мол азамат болып өсуге шақырды.

Аталған тақырып сағаты оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына оң ықпал етіп, олардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік шара болды.

Арайлым АБДУЛЛАЕВА,

№32 Ш.Құдайбердиев атындағы ЖББМ аға тәлімгері.

МЕЙІРІМДІЛІК  – АДАМДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған