Жетісай ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен тұрақты түрде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында ауқымды сенбілік өтіп, 7 мыңға тарта түрлі көшеттер егілді.
Ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға арналған осы іс-шараға мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті мәслихат депутаттары, ауданның белсенді жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты. 2 мыңға жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған санитарлық тазалық жұмыстары қала, кент және барлық ауылдық округтерде арнайы бекітілген кесте негізінде жоғары деңгейде жүргізілді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен көшелерді, арық-атыздарды тазаласа, тұрғындар үйіргелік жерлерін, ал, кәсіпкерлер кәсіпкерлік нысандарына жапсарлас аумақтарды күл-қоқыстардан, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Аталмыш шара аясында ауданда жыл басынан бері 100 мыңға жуық тұрғын мен 280 техника жұмылдырылған 77 ауқымды сенбілік өткізіліп, тазалық жұмыстары барысында 692 тонна қоқыс тиісті орындарға шығарылған. Сонымен қатар, аудан көлемінде жасыл белдеу қалыптастыру, көгалдандыру жұмыстарын жоспарға сай жүргізу мақсатында 7 мың түп түрлі ағаштардың көшеттері егіліп, көлік қозғалысына кедергі келтіретін ағаштар бұталды.
Айта кетерлігі, 2024 жылы Жетісай ауданының тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, шынар, қарағаш, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер отырғызылса, ал биылғы жылы 30 мың түп көшет егу жоспарланып отыр.
Бекет ақпарат.
