Ұлттық қолөнер құрастыру мен ұлттық құндылықтарды құрастырып тапсырма (аппликация) орындау — оқушыларға мәдени сабақтастықты, көркемдік ойлауды және ұжымдық құндылық-қасиетті ұғындыруға арналған тәжірибелік сабақ.

Осы мақсатты №44 «Жаңа дала жалпы білім беретін мектеп, коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының 06-17 қазан күндері аралығында «Ұлттық қолөнер – ұлттық құндылық» тақырыбында онкүндік өткізілді.

Онкүндік барысында «Ұлттық қолөнер мен ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып жапсырма жұмыстарын орындау» тақырыбында  шебер- сынып өткіздім.

 Іс- шара 6- сынып оқушыларымен өткізілді. Оқу мақсаты: ұлттық нақыштағы бейнелер арқылы композиция құру және дизайнерлікті жетілдіруді дамыту. Шебер- сынып барысында оқушылар жапсырма жұмыстарының қыр сырын жетік меңгере білді.

Ұлттық ою өрнектерге терең үңіле отырып, халқымыздың тарихы мен өткенін оқып білуге болатынын ұғына білді.

Әрбір ұстаз алдына келген жас жеткіншекті дұрыс бағыттай білсе, өз еліне,ұлтына адал нағыз патриот азаматтар өсіп жетілетініне сенімдіміз.

М. ОҢҒАРБАЕВА,

№44 «Жаң дала» ЖББМ КММ технология пәнінің мұғалімі.

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР  – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ БАСТАУЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған