Жетісай ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 24 қазандағы №3471 хатына сәйкес, 30 қазан күні «Нұр-Жібек» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту сапасын арттырудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында көшпелі мобильді топ отырысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және инновациялық әдіс-тәсілдерді практикаға енгізу.

Отырысты «Нұр-Жібек» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Ф. Дүйсембек ашып, мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарының құрылымымен таныстырды. Ол жоспардың әрбір бөліміне жан-жақты тоқталып, алдағы оқу жылында жүзеге асырылатын іс-шаралардың мазмұны мен мақсатын түсіндірді.

Сондай-ақ, «Зауытбек» бөбекжай-балабақшасының әдіскері А. Тоқтақұл тәрбиелеу мен білім беру процесін жоспарлау, перспективалық жоспар мен циклограмма әзірлеу, үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізу тәртібі жөнінде тәжірибесімен бөлісті. Мониторингтің тиімді жүргізілуі педагог жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Отырыста педагогтар өзара ұсынылған материалдарды талқылап, көрсетілген тәжірибелердің тиімді тұстары мен жетілдіру бағыттарын айқындады. Бұл – кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға ерекше ықпал еткен маңызды қадам болды.

Жағымды атмосфера қалыптастыру және командалық бірлікті күшейту мақсатында балабақша психологы О. Жуманова «Көңілді шар» тренингін ұйымдастырды. Қатысушылар белсене атсалысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Тренинг нәтижесінде қатысушылар арасында серіктестік байланыс нығайып, күтілген нәтиже толықтай орындалды.

Іс-шара мектепке дейінгі ұйымдар арасында кәсіби тәжірибе алмасудың маңыздылығын айқындап, педагогтердің біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік берді.

Дүйсембек Фәрида Әкімқызы,

«Нұр-Жібек»бөбекжай- балабақшасы»ЖШС меңгерушісі.

Көшпелі мобильді топ отырысы: мектепке дейінгі тәрбиеде инновациялық тәсілдерді жетілдіру

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған