25 қазан — Республика күні еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды тарихи белестердің бірі. Осы мерекені ұлықтау, балаларға елдік пен бірліктің маңызын түсіндіру мақсатында «Асылнұрай» бөбекжай-балабақшасының «Күншуақ» ересек тобында ашық іс-әрекет ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге Республика мәртебесі, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, ел тарихындағы маңызды оқиғалар туралы жатық әрі тәрбиеге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар әнұранды орындап, Отан туралы тақпақтарын айтып, өз қолдарымен жасаған ту мен гүл бейнелі аппликация жұмыстарын көрсетті. Сонымен қатар топ ішінде шағын көрме ұйымдастырылып, балалардың ұлттық нақыштағы қолөнер жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-әрекет балалардың отаншылдық сезімін оятып, өз елінің тарихы мен құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздеді. Шараға қатысқан ата-аналар мен келген қонақтар бүлдіршіндердің белсенділігіне, дайындығына жоғары баға беріп, ризашылықтарын жеткізді.

Осындай іс-шаралар арқылы біз балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, елжандылық рухын нығайтуға өз үлесімізді қоса береміз.

Мадина АЛЖАНБАЕВА,

«Асылнұрай» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған