Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.
Міндеттері: Ата-аналардың бақшамен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, және т.б

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Сәлем сөздің анасы» (шапалақ, биле, амандасу)
2. «Ағаш» әдісі
3. «Жұмылы көтерген жүк жеңіл» ойыны
4. Сұрақ-жауап
Меңгеруші: Кенжебекова Толкын Жолмырзақызы Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренингімізге хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Әдіскер: Мейрамова Сара Тренингімізді бастамас бұрын ата – аналар 3 түсті жүрекшелерден бір – бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата – аналар бірігіп бір топ боласыздар.
«Сәлем сөздің анасы» (шапалақ, биле, амандасу)
Нұсқау:Ата- аналар топқа бөлініп алған соң амандасып алайық алдымен ортаға берілген сөздерге сәйкес қимыл жасап кіресіздер .
Мысалы: шапалақ деген сөзде –шапалақтаймыз
биле деген сөзде – билейміз
амандасу деген сөзде – амандасамыз
Ата-аналар сіздермен қысқаша ой-қозғау сіздерге берілген сұрақтарға өз ойларыңызды ортаға салады.
I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тренингінің мақсаты: ынтымақтастықты, ауызбіршілікті, бір-бірінің сөзіне құлақ аса білу, үндесе қимылдап, жетістікке жету.
Сұрақ – жауап
1. Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
Тест. «Сіздің көңіл күйіңіз»
Мұнда ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған, өз көзқарасыңызбен бөліктерін керегімен толықтырыңыз, тек ұзақ ойланбаңыз, алдымен ойыңызға не келеді, соны салыңыз. Суретте өзіңіздің қазіргі сезіміңізді ашып көрсете біліңіз.
Тесттің кілті
Егер сіз ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтсеңіз және суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен өте қиын күйзеліс үстіндесіз. Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.
Егер сіз ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты ренжідіңіз немесе сондай күйге сізді жеткізді. Сіз күйзелесіз де ренжисіз, сіздің ағашыңыз соны анық көрсетіп тұр. Егер сіз ағашқа қосымша бұталар қоссаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз қажетсіздерден қайнап тұр. Сізді ренжіткендер болмаса да жаныңызға келгендерге сіз өз сезіміңізді төңкеріп жіберуге дайын тұрсыз.
Егер сіз ағаштың бұталарына жапырақ салсаңыз, онда сіздің іщкі жан дүниеңіз өз қалпында. Егерде бұтақтың төменгі жағында көп жапырақ орналасса, онда сіз осы уақытта әсер етуге емес, ойлануға және талдауға бейімсіз. Егерде бұтақтың төменгі жағына қарағанда жоғарғы жығында жапырақтар көп болса, онда сіздің іске белсене кірісуге дайындығыңызды көрсетеді, сіз күшіңіздесіз және іс жүзінде күтудесіз.
Егер сіз бұтаққа жапырақ салсаңыз, әр жапырақты бөлек-бөлек көрсетпесеңіз, онда сіз көңілді және бақытты болу үшін көп күш жігеріңізді бөлудесіз, осы уақытта сіз бір нәрсеге пысықтануға зауқыңыз жоқ, өз ойыңыздан шаршадыңыз.
Егер сіз ағаштың қабығына негізгі күш жігеріңізді салсаңыз, онда сіздің жұмысқа берілгендігіңіз өте керемет, уақытты босқа өткізбей іспен айналысыңыз. Сізде бәрі орындалады.
Егер сіз бұтаққа құсты не жануарларды салсаңыз, онда сізге адамдармен араласу жетіспейді, сіз ет жақын туыстарыңызбен әңгімелескіңіз келеді, өз ойларыңызбен сезімдеріңіз жөнінде біреулермен бөліскіңіз келеді. Сіздің салған жануарыңыз немесе құсыңыз ұсақ болса, онда ол қобалжудың белгісі, онда мүмкін сізді бір жағдай мазалайды және қинайды. Қандай жағдай болса да, сізге ой бөлісуіңізге тура келеді. Егер сіз бұтаққа бірнеше жануарлар мен құстарды салсаңыз, онда сіздің жаныңыз жайлы жер іздейді, бірақ оны таба алмайды. Ойларыңыз көбейіп сыйыспауда, сіз оларды өзіңіз реттей алмайсыз.
Қорытынды
Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі – ата-ананың өнегелі тәрбиесінде.
Сара МЕЙРАМОВА,
«Ертөстік» бөбекжай балабақшасының әдіскері.