Мектепте ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру.Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға білім беруді ұйымдастырып оларға ұғынуына ықпал жасау.Ерекше білім беруді қажет ететін бастауыш сыныптың жалпы сыныбындағы бейімделген оқу бағдарламасымен оқылатын 2«Ә» және 3 «Ә»  оқушыларына Сын есім мен 4 санына көбейту тақырыбында топтық сабағын өттім.

Сабағымызды бастамас бұрын «Құнды қасиеттерді жинау» әдісімен психологиялық ахуал қалыптастырып  алдым.

Өткен сабақты пысықтау  мақсатында «Ойлан,тап»әдісі бойынша оқушылардан үй тапсырмасы пысықталды.

«Кім жүйрік?» әдісі арқылы оқушылар  мәтінді түсініп оқып,қарамен берілген сөздерге сұрақ қойып сын есімдерді табуға ындаланды. .

«Бал арасы» әдісі бойынша оқушылар сын есімдерді тиісінше сәйкестендіру тапсырмалар беріліп  орындап көрсете алды.

«Диалог және қолдау көрсету»әдісімен  мәтінді қатесіз көшіріп жазу арқылы сын есімдерді тауып балалар бір –біріне сұрақтар қойылып тапсырманы пысықтады.

Балаларды сергіту мақсатында Нейрогимнастикалық жаттығу жасап балаларды сергітіп алды.Ары қарай математика пәні бойынша сабағымызды жалғастырдық.

«Себеттегі көкеніс» әдісі бойынша оқушылар тапсырмаларды орындады.  Көкеністердің артына жасырылған есептерді шығарып себетке жинай алды.

«Құрмысқа дәні»әдісі арқылы оқушылар 4 санының көбейту кестесін айта отырып себетке  дән жинауға көмектесті.

«Білім әуе шары» Рефлексия арқылы балалар бүгінгі сабақта не үйренді? не түсініксіз болды?сабақта не ұнады ? барлығын парақшаға сипаттап ұсына алды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда олардың пәнге деген қызығушылығын,шығармашылық қабілетін арттыру мұғалімнің бірден –бір міндеттерінің бірі деп ойлаймын. Сабақ барысында қолданған түрлі- әдіс тәсілдерді қолдана отырып мен өз мақсаттарыма жете алдым.

Жұматай Назерке Дүйсенқызы,

№ 44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебі  КММ арнайы педагогы.

ЕББҚ ететін білім алушыларға оқытуды ұйымдастырудың тиімді әдіс тәсілдері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған