Талпыну- арман мен мұратқа жеткізеді. Ізденіс – тынымсыз еңбектің үдерісі. Талпына жүріп ізденсем, алар асуым мен шығар биігімнің көп болатындығына тәжірибемде көз жеткізіп жүрмін. Жас маман ретінде жаңашылдыққа  талпыну мен ізденіс жолында тәлімгердің рөлі зор екендігін аңғарып бақтым.

Білім алушылардың орыс тілі мен әдебиеті пәнінен білімін шыңдауда әдістемелік көмек беріп, тәлімгерлік жасап тиімді технологияларды меңгертуде тәлімгерім орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Мелдешова Жамила апайдың ықпалы зор. Мұғалімнің өзін ұстау әдебінен бастап, оқушылармен тілдік қарым – қатынасқа түсу ережесін меңгерте келе, сабақты жоспарлау мен уақытты тиімді пайдалануға дейінгі әдістемесімен бөлісті. Нәтижесінде 8- сыныпта «Культура питания» (Тамақтану мәдениеті) тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақты жоспарлауда басты мақсатымыз тапсырмалардың оқу мақсатына сай саралануы, уақытты тиімді пайдалану мен тақырыпты ашу және оқушыларды бағалаудың тиімді әдістерін қолдану болды. Сабақ жоспарға сай өтті. Қолданылған жаңа сандық технологиялар, платформалар оқушылардың тілдік мақсатқа қол жеткізуіне, «тамақтану мәдениетінің түрлерін» жетік меңгеруіне ықпалын тигізді. Білім алушылар топтық, жұптық жұмыстарын орындауда ұйымдастырушылық, бірін – бірі тыңдай білу және белсенділік қабілеттерін көрсете білді. Сабақ соңында өз әріптестерім мен тәлімгерім сабағыма талдау жасап, сабақты шыңдау мақсатында қолдану керек әдістердісаралап көрсетіп оң бағасын берді.

      Жас маман үшін басты әрекет іздену екендігін терең түсіне отырып, жасөспірімдердің жарқын болашағы үшін тынымсыз еңбек етуді мақсат еттім.

Ж.ТАГЛИМАНОВА,

№44 «Жаңа дала» ЖББМ-ң 

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған