«Т. Рысқұлов атындағы N20 ЖББМ» КММ де 19 ақпан 2025 ж күні «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мотивациялық стратегиялар» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинарда мектеп мұғалімдері, серіктес мектептен келген әріптестер ашық сабақтар, шебер сынып сабақтарын өтіп өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда математика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Сайрамова Галия Чапайқызы
Өздігінен оқыту дағдылары тақырыбында мұғалімдерге шебер сынып өтті. Өздігінен оқыту дағдылары математиканы терең түсінуге, шырмашылық ойлау қабілеттерін дамытуға және проблемаларды шешуге ықпал ететінін жеткізді. Мақсаты: оқушылардың пәнге деген жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, оларды оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту, өз білімін өмірде қолдануға дайын болуын қамтамасыз ету. Оқушыларға академиялық білім ғана бермей, нақты өмірде кездесетін проблемаларды шешу жолдарын, алған білімін қажетті жерде қолдануға бейімдеу керектігін атап өтті
Сабақ өтуде кез келген жаңа әдісті қолдануда сол әдістің жақсы жағын үйлестіріп алып,өзімізді бейімдей отырып,жас ұрпаққа сапалы, сауатты білім беріп,көзін ашып,өмірге икемді,ұрпақ тәрбиелеп шығаруды үйрене білу керек екенін бәрімізге аян.
Өздігінен оқыту дағдылары математиканы терең түсінуге шығармашылық қабілеттерін дамытуға және проблемаларды шешуге бағытталған.

Өздігінен оқытудың артықшылықтары
1.Жауапкершілікті арттыру:Оқушылар тапсырмаларды өз бетімен орындап,оқу процесіне жауапкершілікпен қарайды.
2.Шығармашылық пен сыни ойлауды дамыту:Өздігінен оқу барысында оқушылар жаңа ақпаратты талдап,шығармашылық шешімдер қабылдауды үйренеді.
3.Уақытты тиімді басқару:Оқушылар өз бетінше жұмыс істеу арқылы уақытты дұрыс жоспарлауды және маңызды тапсырмаларды бірінші кезекте орындауды меңгереді.
4.Зерттеу дағдылары:Оқушылар ақпаратты өздігінен іздеп,оны талдап,қолдануды үйренеді,бұл олардың ғылыми зерттеу жұмыстарын жақсартады.
Өздігінен оқыту процесін ұйымдастыру
Оқушылардың өздігінен оқыту процесі дұрыс ұйымдастырылғанда ғана тиімді болады.Бұл үшін:
1.Мақсат қою:Оқушылар оқу барысында нақты мақсаттар қойып,соларға жетуге тырысуы керек.
2.Уақытты жоспарлау:Оқушылар уақытты дұрыс бөлуді үйреніп,оқу процесін тиімді ұйымдастыруы қажет.
3.Ресурстарды пайдалану:Оқушылар түрлі дереккөздер мен материалды пайдаланып, өз білімдерін кеңейтуге тырысады.
Қазіргі мұғалімнің алдында тұрған мақсат-білім,ақпарат,эканомика кеңістігіне шыға алатын,қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге,еңбек етуге дағдыланған тұлға дайындау.Оқушының ресурстарды пайдалануын,есінде сақтауы мен есте сақталған білімін қажет болған жағдайда пайдалануын,оқу мағынасын ұғынып,шынайы өмір арасындағы байланыстағы анықтауы және нәтижесінде әлемді өзгеше қырынан қарастыруы сияқты санаттарды иеленуі жәрдемші бола отыра әр оқушының бойындағы бар шығармашылық көздерін ашу,жаңалыққа деген ұмтылыстарына дем беріп отыру мұғалімнің міндеті.Осы бағытта дайындалған «Өздігінен оқыту дағдылары» арқылы математика пәні мұғалімдерінің әдістемесін жетілдірудегі тиімділігін көтеру мен жаңа жетістіктерге жету жолында толықтырыла береді деген ойдамын.
Сайрамова Галия Чапаевна,
«Т. Рысқұлов атындағы N20 ЖББМ» КММ
Математика пәнінің мұғалімі.