Үстіміздегі айдың 5 жұлдызында Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектепте 2024-2025 оқу жылының I- жарты жылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есебін өткіздім.
Аталмыш қамқоршылық есепте мектебіміздің оқу тәрбие Турекулова Зейнеп, Ширинбаев Жолан баяндама жасады.
Күн тәртібінің І мәселесі бойынша есеп өзім атқарылған жұмыстарға тоқтадым. Онда ескі мектеп бастауыш сынып ғимаратының алдына мектебіміздің түлегі, кәсіпкер демеушілігімен спорт алаңы істелінген айттым. Одан кейін мектебімізде оқу өндірістік жоспары бойынша облыс көлемінде семинар өткізілді. Акт залға мектеп түлектері тарапынан 7500 теңгеден 100 орындық алынды. Мемлекет басшысының білім беру мекемелеріне екі мақсат қойып отыр 1-еуі қауіпсіз мектеп бойынша мектептің кіре беріс жеріне Турникет орнатылды. Турникетте мектеп қызметкерлерінің толық мәліметі берілетін болады.
Сонымен қатар, мектебімізде желтоқсан айында 36 парта мемлекет бюджетінен берілді. Бірінші жарты жылдықта мектептің білім сапасы 59 пайызбен аяқтадық. Мектепте өтілген Облыс көлемінде өтілген семинарға аудан, облыс тарапынан жоғары баға берілді.
Келесі сөзді директордың оқу ісі бойынша орынбасары Турекулова Зейнеп апай сөйледі. Ол өз сөзінде «бастауыш сынып пәндері белгіленген мемлекеттік жаңартылған бағдарламаға сай оқытылады. 2024-2025 оқу жылының I-жарты-жылдықта 1-4 сыныптар аралығында «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік іс-шарасы өткізілді. 16.10.2024 МАДТ тобының тәрбиешілерінің аудандық семинары болып өтті. Сонымен қатар мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасы 3-4 сыныптар арасында өтті. 3 «Ж» сыныптан Серікбай Аяулым, 4 «В» сыныптан Әбдіхалық Әбдімәлік аудандық кезеңге жолдама алды. Мектебіміздің 3сынып оқушысы Муратова Аяна Айбекқызы Дубай қаласында өткен халықаралық «Ментальді арифметика» турниріне қатысып I орын алды.
Ретбай Думан Олжасұлы Республикалық Дарын орталығы ұйымдастырған «Зерде» XX-ғылыми жұмыстар кокурсында обыстық деңгейде I-орынды иеленіп Республикалық деңгейге жолдама алды. Оқу жылының I-жарты-жылдық қортындысы бойынша 1,2,3,4 оқушыларынан оқу жылдамдығы тексерілді. Бастауыш сынып бойынша мектептің оқу өндірістік жоспары бойынша іс-шаралар өткізілді»– деп сөзін қорытындылады. Одан кейін, мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Ширинбаев Жолан сөз алды. Ол мектебімізде атқарылып жатқан жұмыс жосыпары бойынша баяндама жасады. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту Министрінің «30 шілде» 2024 жылғы № 194 бұйрығы 2 қосымшасы негізінде 2024-2025 жылға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспар түзілді. Оқу жылының басында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясымен, қайырымдылық іс-шаралармен бастау алды. Акция аясында 20-ға тарта оқушыға оқу құралдары мен сумка берілді.
1 қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім мейірім мекені» тақырыбында іс-шара өтілді. Жаңа оқу жылының басында оқушыларға алдын ала №1 педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілген «Мектептің ішкі ережесі» техника қауіпсіздігі, өмір қауіпсіздігі, жол қауіпсіздік ережелерімен оқушыларға сынып тәрбие сағаттарында таныстырылды. Қыркүйек – Денсаулық фестивалі, қазан айында «Менің сүйікті ұстазым», қараша айында 11-сынып оқушыларын Түркістан қаласына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Желтоқсан айында «Тәуелсіздік тұғырым» іс шарасы
Мектеп оқушылары «Жас қыран», «Жас ұлан» қатарына қабылданды.
24 Желтоқсанда Т.Рысқұловтың туылғанына 130 жыл толуына арналған «Т.Рысқұлов туралы архив материалдары : Жаңа деректер мен фактілер » атты облыстық ғылыми-тәжрибелік конференция өткізілді.
Желтоқсанның 25-27 алалығында жаңа жылдық «Шырша» мерекесі өткізілді. Онымен қатар мектептің Әлеуметтік паспорты (топтамасы) айтылып өтілді.
Кеңес соңында жарыссөзге шыққандар айтылған әр мәселе, талқыланған әр түйткіл жауапсыз қалмас үшін ынтымақтастықта жұмыла қызмет етуге ниетті екендіктерін білдірді.
Сағит ДҮЙСЕНБЕКОВА,
Т.Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ директоры.