Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «5 желтоқсан – еріктілер күніне» орайластырылған мерекелік концерт болып өтті.

Осы салтанатты іс-шараның басты мақсаты: қоғамға өз күштері мен уақыттарын аямай, ақысыз көмектесіп жүрген ауданымыздың белсенді жастарына ризашылық білдіру болды.

Мерекелік концертті ашып, өзінің тілектерін білдірген Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  М.Бабашев пен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің жетекшісі Н.Ошантаевтар, еріктілердің – бос уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсайтын адамдар тобы екенін, бүгінде  осындай ақысыз қызмет етушілердің жұмысын әрбір саладан нақты көруге болатындығын айта келіп, оларға өз ризашылықтарын білдірді.

Мерекелік шараға қонақ болып, ауданымыздың белсенді жастары, соның ішінде Атакент кентінде орналасқан №14 колледждің ерікті жастары мен олардың ата-аналары да шақырылды.

Өз еңбектерімен өзгелерге үлгі болып жүргендерді арапаттау салтанаты кезінде еріктілерге  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашевтың атынан арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Осы салтанатты шара барысында әншілер ән айтып, бишілер би билеп, қонақтарымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлай білді және олардың құрметіне арнайы Жастар ресурстық орталығының атынан фуршет дайындалып, келген қонақтарға астар ұсынылды.

Мерекелік іс-шараның соңында ауданымыздың ерікті жастары өз жетекшілерімен біргелікте  Жетісай ауданында орналасқан кинотеатрға барып, кино тамашалап қайтты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ  АТАЛЫП ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған