№10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.11.2024 жылы директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А. Тургунбаев және  өзімнің ұйымдастыруыммен 10,11-сынып оқушылары арасында  «Біртұтас тәрбие» мен «Мамандығым- болашағым» жобасы аясында  «Шығармашыл адамның өмірлік стратегиясы» атты кәсіби жетістікке жеткен мектеп түлектерімен кездесу кешін өткіздім. 

   Аталмыш кеште мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсат етілді.

   Керемет кездесуімізді мектебіміздің директоры Убайдина Гүлжан Тұрарбекқызы ашып берді. Мектеп басшысы сөз барысында кездесудің мақсатымен таныстырып, танымал тұлғалардың жетістіктері мен олардың қоғамға қосқан үлестерін атап өтіп, оқушыларға осы тұлғалардың өмірінен үлгі алу керек екендігін баяндады. Кешке  ардагер-ұстаз Жұманазаров Ықият Сапашович, жеке кәсіпкер Пернебек Бағдаулет Болатұлы, «Асықата» ауруханасының дәрігерлері-Сұлтан Жібек, Көстеева Таңшолпандар арнайы қонақ ретінде шақырды.

Бұл шара кәсіптік бағдар беру аясында ұйымдастырылды және оқушыларға әртүрлі мамандықтар жайлы ақпарат алып, болашақ мамандықтарын таңдауға септігін тигізуге бағытталды.

   Кездесу барысында қонақтар өздерінің кәсіби жолындағы жетістіктері, кездескен қиындықтары және жеңіп шыққан кедергілері туралы айтып берді. Әртүрлі салаларда еңбек етіп жүрген қонақтар оқушыларға өз салаларының ерекшеліктері мен болашағы туралы жан-жақты түсіндіріп, өз ісіне деген сүйіспеншілік пен табандылықтың маңыздылығын атап өтті.

  Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақтармен еркін әңгіме жүргізді. Кездесу барысында алған білімдері мен кеңестері жасөспірімдерге болашақта дұрыс таңдау жасауға көмек беретіні сөзсіз.

Л.Ж.АЛДАБЕРГЕНОВА,

 №10 «Қайнар» мектеп-гимназия» КММ кәсіптік бағдар беру педагогі.

МАМАНДЫҒЫМ-БОЛАШАҒЫМ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған