Мақсаты:Балалардың коммуникативтік-ақпараттық құзіреттілігін молайтып,балалардың ой-түйсігін,қиялын дамыту.Балалардың танымдық қабілеттерін ,зейінін ,сенсорлық ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға  білуге үйрету, қызыл,сары,көк,жасыл.  

Әдіс-тәсіл; Ойындар,сұрақ-жауап,түсіндіру. Көрнекіліктер: түрлі-түсті шарлар,геометриялық пішіндер, кубик, трубочкалар, ою – өрнектер, сиқырлы қорапша.

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз

Айтқан тілді аламыз

Алғаш келген қонақпен

Амандасып аламыз.

«Әнұран» орындалады.

Балалар бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған  іс-әркетіміздің тақырыбы: «Түстер әлемі» деп аталады.

-Балалар біз қандай түстерді білеміз?

Көк, қызыл, сары, жасыл

1-тапсырма:  Шарларды жапсыру.

Ойын ережесі: Кубик арқылы ойналады. Түстеріне байланысты доптарды  тақташаға жапсыру. Балалар кубик лақтырады, қандай түс түссе сол түстің үстімен жүріп тақташаға допты жапсырады.

-Жарайсыңдар ,балалар!

2-тапсырма:  Топ бойынша жұмыс

  1. Қызыл түсті партада трубочкалар берілген. Сол трубочкаларды түстеріне қарай орналастыру.
  2. Көк түсті партада пришивка берілген. Пришивкаларды пішіндердің түстеріне қарай орналастыру.
  3. Сары түсті партада сиқырлы қорапша берілген. Сол қорапшаның ішінен оюларды алып түстер белгіленген жолақшамен өтіп барып, түстер белгіленген қорапшаға салу керек.
  4. Жасыл түсті партада су құйылған ыдыс берілген. Сол ыдысты шайқаған кезде көк, қызыл, сары, жасыл түстер шығады.

Сергіту сәті: «Қазақша оюмен»

3 – тапсырма: «Сәйкестендіру ойыны».

Балалар түстерді бір – біріне сәйкестендіреді. Мольберт тақтаға суреттер беріледі. Түстеріне қарай бір – біріне сәйкестендіреді.

Қорытынды:

Балалар бүгін біз сендермен «Түстер әлемі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс әрекетін өттік. Ұйымдастырылған іс әрекет ұнады ма сендерге? Жарайсыңдар, балалар! Сау болыңдар!

Сатыбалдиева Гүлбану Тілегенқызы,

«Әсел» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.

”Түстер әлемі” саяхат жасады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған