Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балаларды әдеби шығармаларды эмоционалды қабылдауына ықпал ету, Қазақ ою-өрнектерінің сипатын, атауын, түрлерін тануға, олардың мән – мағанасын ашып айта білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға , сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтауға сәйкестендіруге қалыптастыру.
Шаттық шеңбер ;
Балалар көңілді музыкамен асық алып шығады, шеңбер бойлап тұрады.
Қолға алуға асықты,
Он саусағым асықты!
Алшы, тәйкі, шік, бүк.
Кел, ойнайық, досым,
Қызық ойын болсын!
Ал балалар, осы асықтарыңмен қонақтарға, достарымызға жақсы тілек тілейінші.
Балалар: Асықарыңыз үнемі алшысынан түссін!
Балалар, біздің халықта асықтан басқа мұра болып келе жатқан ою –өрнектеріміз де де бар.
Бүгін мен сендерге ою туралы ертегі айтып беремін.
Ертеде Ою хан мен Жою хан деген екі хан болыпты . Ою ханның еліндегі тұрғындарының бәрі шебер екен . Олардың үйінің іщі-сырты, киімдері мен күнделікті қолданатын заттары оюланған көркем болады екен. Ол елдің тұрғындары ою тілінде сөйлесе алатын болыпты. Ал Жою хан зұлым, ешнәрсені ұнатпайтын хан екен. Күндердің күніңде Жою хан Ою ханның еліне шабуыл жасап, Ою ханды қамап тастайды. Қамауда жатқан Ою хан өз еліне оюлап хат жолдайды.
Балалар осы хатты білу үшін ою-өрнектердің түрлері мен атауларын еске түсірейік .Ол үшін «Жасырылған оюды тап» ойының ойнайық.
Жерге шаңырақ және астында ою салынған киіз үйлер бейнеленген, Әр киіз үй тұсында оюланған жалауша қойылған. Балалар жалаушаға жайғасып, киіз үйдің астындағы оюдың атауын айтады.
-Менің киіз үйімде құс қанаты оюы жасырынған
-Менің киіз үйімде ботакөз оюы салыныпты.
-Менің киіз үйімде қызғалдақ оюы жасырынған
-Қошқар мүйіз
-Қайнар
-Су
Жарайсыңдар балалар, оюдың көп түрлерін біледі екенсіңдер. Ендеше Ою ханның хатын оқу сендерге қиын болмайды екен.
Келіңдер Ою ханның хатын оқиық.
Құрметті, халқым.Мен ұшқанда құс қанаты талатын биік-биік таулардың етегіңде жатырмын Ол таулардын бұлақ бастау алып, үлкен суға айналады.Ол жерде жайқалған қызғалдақтар, қойлар , түйелер боталарымен жайылып жүр Осыны тапсаңдар мені босатып аласыңдар. Осы хат бойынша Ою ханды тауып босатып алған екен.
Сергіту жаттығуы «Бұйрықты орында»
Әріптер жазылған асықтар қойылады. О.Ш.Б Осы әріптерден басталған сөзді айтады, балалар сол асықтың тұсына секіріп қатар түзеп тұрады.
Балалар ертедегі адамдар осылайша әртүрлі жолмен біреулер хат арқылы , немесе хабаршылар арқылы сымы бар телефон арқылы бір –бірімен хабарласқан екен. Ал қазір адамдар бір бірімен қалай хабарласады?
-Ұялы телефон арқылы хабарласамыз.
Қарандаршы сендерге телефоннан СМС хабарлама келді.
Мына қай желінің белгісі?
Ватсап желісі.
Ия, хабарлама Ватсап желісі арқылы келіпті Хабарламаны ашайық.
Құрметті балалар. Сендер өте білгір балалар екенсіңдер «Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей сендер Ою ханның хатын өте жақсы оқи алдыңдар.ал енді менің тапсырмамды планшет арқылы орындап көріңдер
1.Тапсырма : Заттардың атауы қай дыбыстан басталады ?
2 тапсырма
2 Тапсырма : Дыбыстарды сәйкестендір.
3 тапсырма телеграм желісінен келді
Ою ханның тұрғындары болып бір-бірлеріне ою арқылы жақсы тілектеріңді сурет салып көрсетейік.
Балалар біз не үйрендік
Ендеше «Сөздерге дыбыстық талдау жасау » (Алма , кеме ұшақ)
Балалар интерактивті тақтадан көрсетілген суретке талдау жасайды .
Досыңа қоңырау шал» ойынымен аяқтайық
Қолыңдағы не екен ?
Ұялы телефон
Сұрақ:
Ою хан қандай хан?
Ол әділ, шебер хан .
Ал Жою хан ше?
Ол зұлым хан.Себебі Ою ханның еліне шабуыл жасады.
Ою хан хатты немен жазды?
Ою хан ою –өрнектермен жазды.
Бүгінгі алған әсерлерің қандай?
Тамаша!
Балалар, каспий терминал арқылы қонақтартарға силық алайық
Балалар каспии аппаратқа барып кнопканы басады да, асықтар алады, қонақтарға силайды.
Ахметова Шара Умиркуловна ,
«Жолбарыс ата » бөбекжай балабақшасының
әдіскері. Түркістан облысы , Жетісай ауданы .
Жетісай қаласы.