Үстіміздегі жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына Ш.Ділдабеков, Жаңа ауыл, Атамекен, Жетісай қаласы еніп отыр. Ауданда жалпы 200 жобаға 980,5 млн. теңге несие беру жоспарланған.  Бағдарлама аясында өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы және тұрғындардың жеке кәсібін ашу бойынша қаржыландырылатын болады.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы ауданның экономикалық дамуының негізгі бағыты болып табылады 10 мыңға жуық шаруа қожалығы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында қызмет атқаруда.

Ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласында 64,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өсімдік шаруашылығы 51,6 млрд. теңге, мал шаруашылығы   12,6 млрд. теңге.

Биылғы жылы ауданда 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде: мақта 41,0 мың гектарға, бақша 19,0 мың гектарға, мал азықтық 14 мың гектарға,  көкөніс және т.б. дақылдар 3,3 мың гектарға егілді. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында, 321 шаруа қожалық иелері 1 200  гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында 1,2 гектар жерге жылыжайлар мен парниктер құрылысы салынып, жалпы жылыжайлардың көлемі 23 гектарға жетті. Бүгінгі таңда 2 809 гектарды құрайтын  мақта, көкөніс, бақша, жеміс-жидек және жүзім дақылдарына тамшылатып суғару технологиясы ендірілді.

Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бағытында беріліп жатқан мемлекеттік қолдаулардың арқасында 182 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.

Биылғы жылы шаруаларға электронды жүйе арқылы көктемгі дала жұмыстарына 1900 тонна, күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 2 600 тонна жанар-жағар май бөлініп, қазіргі таңда шаруаларға жеңілдетілген жанар-жағармай тарату жұмыстары жүргізілуде. (1 литрдің бағасы 249 тг.)

Ауданда 778 дана (1 532,1 км) канал бар, оның    605 данасы  немесе 77%-ы республикалық меншікте.  2024 жылы ауданға 663 млн. м3 ағын су лимиті бөлінген болса, нақты алынған ағыны 567,9 млн м3 ағын су алынды. Сонымен қатар, ауданда негізгі дақыл болып табылатын мақта терім науқанының басым бөлігі аяқталып, өнім жинау жұмыстары жүргізілуде. Мақта терім науқанына 850 дана трактор,  1 100 дана трактор тіркемелері, 232 дана мақта терім машиналары қатысуда. Бүгінгі таңда мақта дақылынан 105,0 мың тонна өнім алынды.

2024 жылдың 9 айында ірі қара мал 132,6 пайызға (67 214 бас), қой-ешкі 106.7 пайызға (24 5764 бас), жылқы  104,8 пайызға (16 338 бас), түйе 77 пайызға (601 бас), құстар    99,6 пайызға (83 959 бас) артып отыр.

ЖЕКЕ КӘСІП АШАМЫН ДЕУШІЛЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ПАЙДА БОЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған