Жетісай ауданы Білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» атты жас суретшілердің облыстық байқауына аудандық іріктеу кезеңі болып өтті.
Байқаудың мақсаты: жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, дарынды оқушыларды қолдап шығармашылығын дамыту болып табылады.
Байқауда 10-13 жас санаты аралығында І орынды иленген №13 Н.Төреқулов ЖББМ-нің оқушысы Сейдазим Жулдыз, ІІорынды №56 С.Ерубаев ЖББМ-нің оқушысы Тазабек Сезім, ІІ орынды №9 IT мектеп- лицейінің оқушысы Пердебек Асылжан, ІІІ орынды №25 ЖББМ-нің оқушысы Абдрахман Еркежан, ІІІ орынды №71 ЖББМ-нің оқушысы Нурайым Ұлағат, ІІІ орынды №19 Аманкелді ЖББМ-нің оқушысы Тілеу Аякөз жеңіп алды. Ал, 14-17 жас санаты аралығында І орынды №49 Сырдария ЖББМ-нің оқушысы Ырысбай Әдемі, ІІ орынды №42 Қожанов ЖББМ-нің оқушысы Жүндібай Нурсезім, ІІ орынды №12 Әл Фараби ЖББМ-нің оқушысы Елеусіз Камаладдин, 3 орынды №34 Ә.Молдағұлова ЖББМ-нің оқушысы Ерқожа Зарина, ІІІ орынды №63 Ы.Алтинсарин ЖББМ-нің оқушысы Көшербай Балнұр, ІІІ орынды №70 Ж.Сүлейменов ЖББМ-нің оқушысы Шерхан Ақжүніс жеңіп алды. Өзге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Босымбеков Серік Нұрланұлы,
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы.