Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып жетекшілері Бейсенова Динара, Усербаева Тамара, Қарсыбек Айдана, Юсупова Дина, Беканова Зарина ата-аналар жиынын жаңа форматта өткізді.
Ата-аналарға күн тәртібінде 1. Балалардың ой -пікірін ояту туралы ата-аналарға баяндама оқылды, 2. Бірінші тоқсанның қорытындысы, 3. Техника қауіпсіздігі, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, балалардың үйірмелерге баруы, секцияларға қатысуы жоспарланған жиында, алдымен ата-анамен байланысты тренингі өткізілді. Тренингке ұжымдық әңгіме құру, ашулы шарлар, әріптер сөйлейді, гүлдің оянуы, ащы пияз аңызы атты тарауларда ата-аналармен сынып жетекшілер өзара ынтымақтасып жұмыс жасады. Ата-аналар жиынында мектептегі пән мұғалімдерімен байланысы нығайту, балалардың тәрбиесі және сапалы білім алуына қолайлы жағдай туғызған мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге алғыс айтамыз.
Т.Усербаева,
Н.Оңдасынов атындағы №14 ЖББМ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі