Түркістан облысы бойынша өтіп жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» Мақтарал ауданына келді.

Түркістан облысы дін істері басқармасы ұйымдастырған бұл жиыннан көзделген басты мақсат – облыс тұрғындарын түрлі діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу болды.

Рухани маңызы ерекше осы іс-шара қонақтарының қатарында дін, мәдениет, спорт салаларының танымал өкілдері болды. Атап айтар болсақ, қонақтардың арасында – дін саласының өкілі, Дінмұхаммед Сманов Абдужаппарұлы – «Сарыағаш медресе-колледжі» директоры, Мырзақұлов Қалжан – Спорт ардагері, Камал Орал – Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры, Жүсіпбек Сүндет Жәнібекұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы болды.

Арнайы келген қонақтар аудан тұрғындарымен түрлі кездесулер өткізіп, көпшілікке өздерінің діни сауаттылық және тұрақтылық жайлы ойларын баяндады, сонымен қатар жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарды.

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» МАҚТААРАЛДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған