АЭС үлкен көлемде электр энергиясын өндіріп, халық тығыз орналасқан аумақтар үшін экономикалық тұрғыдан пайда әкелетінімен белгілі. Сонымен қатар, атом электр стансалары өздерінен парниктік газдарды аз шығарады, ал бұл өз кезегінде ғаламдық климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды қызмет атқарады.

. Қазіргі уақытта елде электр энергиясы негізінен көмірден өндіріледі, ал атом энергиясы бұл саладағы әртараптандыруға ықпал ете алады. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді перспективада АЭС арзан әрі тұрақты энергия көзі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ауа-райының жағдайына тәуелді жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда АЭС тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл маңызды артықшылық.

Бұларға қоса Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін арттыруға көмектесетін АЭС салу жоғары технологиялық салаларды да  дамытуға, ғылым мен техниканың алға жылжуына септігін тигізеді. Сол себепті еліміз үшін оның пайдалы тұстары көп.

Сабира АҚБАЕВА,

Жетісай ауданы.

АЭС САЛУ –  ЗАМАН ТАЛАБЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған