Егер ағымдағы жылдың 6 қазаны күні халық басым дауыспен АЭС салуға өз келісімін беретін болса, онда оның құрылысына қарапайым тас қалаушыдан бастап қазақстандық мамандар тартылатыны анық. Ең бастысы, елімізде атом электр станциясының салынуы бізді өзге мемлекеттердің энергия көзінен тәуелділіктен арылтады. Яғни, ешкімге жалтақтамай, электр энергиясының қуатын өзіміз өндіреміз.

Барлық халықаралық қағидалар сақталса, огың елімізге алып келер пайдасы мол болмақ.  Күн сәулесі мен жел де әрқашан болмауы мүмкін, себебі ол бірде-бар, бірде-жоқ дегендей. Сондықтан, оларды мақсаттарымызды шешетін тұрақты энергия көздері деп айтуға болмайды. Ал, атом индустриясын дамыту керек деп ойлаймын. Қазіргі атом электр станциялары жаңа талаптарға сай өте жақсы жасалады деген сенімдемін.

Нұржан БЕКБАУЫЛОВ, Жетісай ауданы.

БҰЛ ҚҰРЫЛЫСТА ӨЗ АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІ АНЫҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған