Бүгінде  мемлекетіміздің уран қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі екенін атап өткен жөн. 2022 жылы еліміз әлемдік уран өндірісінің 43%-ын қамтамасыз еткен. Бұл елдің атом энергетикасын дамытуға қолайлы жағдай жасайды. АЭС-тің артықшылықтарының бірі – жоғары қуат тиімділігі (90%), бұл оны жел энергиясынан (25-35%) әлдеқайда тұрақты етеді. 1 154 МВт қуат өндіретін бір АЭС миллион халқы бар қаланы бір­неше ондаған жыл бойы энергиямен қам­тамасыз ете алады.

Әлемде атом электр стансаларын (АЭС) салу тәжірибесі көптеген ел үшін энер­гияның сенімді әрі экологиялық таза көзі ретінде қарастырылады. Бүгінгі таңда әлем бойынша 64 ядролық реактордың құры­лысы жүргізіліп жатыр, мұның шамамен үштен бірі – Азия елдерінде. Бұл жобалар негізінен Қытай, Оңтүстік Корея және Үндістан сияқты елдерде жүзеге асырылып жатыр.

Өкінішке орай, қазірдің өзінде ең жоғары сағаттарда электр энергиясына деген тапшылықты сезінеміз. Сол себепті шекаралас елдерден электр энер­гиясын жоспарлы түрде сатып аламыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру 112,8 млрд кВт сағатты құрады, содан кейін тұтыну 115 млрд кВт сағат болды. 2 млрд кВт сағаттан астам энергия немесе 2023 жылы жалпы электр энергиясын тұтынудың шамамен 2%-ы Ресейден сатып алынды. Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі 60 млрд. кВт сағат болды, оның 1 млрд кВт сағаты көршілерден сатып алынды. Бұған биылғы су деңгейінің төмендігінен Шардара су электр стансасының қажетті электр энергиясын өндіре алмай, көптеген елді мекендердің сағаттап электр энергиясыз отырған жағдайды қосыңыз.

Егер жағдай осы қарқынмен кете беретін болса, онда алдағы жылдары электр энергиясына деген қажеттілігіміздің арта түсуінің салдарынан экономикалық тұрғыдан дамуымыз қиын болғалы тұр. Сондықтан қазірден келешекті ойластырып, елімізде АЭС секілді тиімділігі жоғары электр стансаларын салғанымыз жөн болады деп ойлаймын.

Махамбет ЕРДЕШОВ,

Мақтаарал аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы.

АЭС-ТІҢ БІРШАМА АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ  БАР        

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған