Аудан әкімі Серік Мамытовтың Жетісай қаласының тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдауларында айтылып, түрлі әлеуметтік желілерде жиі сөз болатын Жетісай қаласындағы Амангелді көшесіне асфальт төсеу, жеке тұрғын үй секторлары мен көппәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын су басуының алдын алу мақсатында арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
          Осы кезге дейін аталмыш көше бойында орналасқан көптеген кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұрғын үй секторларының, жекеменшік балабақша иелерінің су қашыртқыларының үстіне заңсыз құрылыс салып алуларының салдарынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіріліп, жауынды күндері сол маңдарды су басу қауіпі орын алуда.
        Аталмыш мәселеге байланысты аудан басшысы С.Мамытов арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдерімен біргелікте заңсыздықтарға жол берген тұрғындармен тілдесіп, оларға заң мен тәртіпке мойынсұну қажеттігін, арық-атыздардың үстіне құрылыс жүргізуге болмайтынын айтып түсіндірді.
       Атап өтерлігі, өткен жылы аудандық және қаланың IV деңгейлі бюджетінен жалпы ұзындығы 18,08 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 71,6 пайызға жеткізсе, биылғы жылы аудандық қазынадан қаралған қаржы есебінен жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген. Алдағы күндері қаланың IV деңгейлі бюджетінен ұзындығы 5,27 шақырым тағы 5 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, шаһардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 77,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жетісай қаласындағы жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көше мен 34 шақырымды құрайтын арық-атыздардың 2,8 шақырым жолы мен 3,6 шақырым арық-атыз Амангелді көшесіне тиесілі.
        Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен Амангелді көшесінің Рудаки-С.Ерубаев көшелерінің аралығындағы 1,1 шақырым асфальтталды. Енді қалған бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНДА БИЫЛ 14 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған