Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы, қаладағы орталық саябақта тиісті сала басшыларымен біргелікте болып, сонда орнатылған ойын аттракциондарының қауіпсіздігімен танысты. Тексеріс барысында саябаққа келуші тұрғындармен тілдесіп, сын-ескертпелеріне назарға алып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
         Аудан басшысы С.Мамытов кәсіпкерлермен кездесу кезінде: «Кәсіпкерлер жұмысын заңды істеп, табысын адалынан табу керек. Бірінші кезекте келушілердің, балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар. Рұқсат етілмеген жерлерге кіруге болмайтыны жайлы тыйым салу белгілерін орнатыңыздар» деп оларға тапсырмалар берді.
            Сонымен қатар, аудан басшысы кәсіпкерлерге саябақтағы әрбір ойын аттракциондарына арнайы қоршау орнатуды, өрт және техника қауіпсіздігін, санитарлық тазалықты қатаң сақтауды, ескі құрылғыларды қолданыстан шығарып, тиісті органдар тарапынан мақұлданған заманауи жабдықтарды ғана қолдануды тапсырды.
       Жүргізілген осы арнайы тексеріс барысында орталық саябақта орнатылған  елуге тарта ойын аттракциондарының 70 пайызында қауіпсіздік ережелерінің толық сақталмағандығы анықталды.
САЯБАҚТАҒЫ АТТРАКЦИОНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған