БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 54 498 СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАН

Түркістан облысы елімізде жаңа туған нәрестелер саны бойынша көш бастап тұр. Жыл сайын республикада дүниеге келетін 400 мыңнан астам баланың әрбір жетіншісі осы өңірде дүниеге келеді. Былтыр облыста 54 498 сәби дүние есігін ашқан. Оның 643-і – егіз, 8-і – үшем. Бұл жөнінен Түркістан өңірі республикада көшбасшылар қатарында тұр.

Қазіргі кезде барлық медициналық ұйымда отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысы жолға қойылған. Кабинеттің негізгі мақсаты – аналар мен сәбилердің денсаулығын нығайту, бала саны мен туу мезгілін дұрыс жоспарлау, контрацепцияның заманауи әдістері арқылы әйелдердің тым ерте, кеш немесе жиі жүкті болуына жол бермеу, асқыну қаупі жоғары жүктілікпен босану санын азайту. Сол арқылы ана өлімі мен нәресте өлімін төмендетуге үлес қосу.

Түркістан облысында 177 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Оның ішінде 15 мыңнан аса «Алтын алқа» иегері, 43 мыңнан аса «Күміс алқа» иегері саналы ұрпақ тәрбелеуде. Бұл жөнінен Жетісай және Сарыағаш ауданы ең жоғарғы көрсеткішке ие. Сонымен бірге облыста 4661 ана І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 54 498 СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШҚАН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған