ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
  Жиын барысында аудан басшысы өткен жылы және жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде Бақыт Насырханұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Тұрғындар негізінен ағын су мен ауыз су жүйелерін жаңарту, газ тарту, ауыл шаруашылығы, тік дренажды ұңғымалардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, көшелердегі арық-атыздарды тазалау, «Жаңа жол» жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының маңындағы гүлзарға Абай Құнанбаевтың ескерткіш орнату, дәрігерлік амбулаторияға жаңа ғимарат салу мәселелерін көтерді.
  Аудан басшысы мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға құқық қорғау органдардың басшылары, тиісті сала басшылары және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысып, мәселесін көтеріп келген әрбір тұрғынға қанағаттанарлық жауаптар берілді.
   Айта кетейік, аудан әкімінің, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулері және жеке қабылдауларды өткізу мерзімдері БАҚ пен аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына, әлеуметтік желілердегі парақшаларына алдын ала жарияланған болатын.
АУДАН ӘКІМІ ЖАҢАЖОЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған