Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, консультативтік-кеңесші органының басшысы Серік Қонысбекұлының төрағалығымен консультативтік-кеңесші органының мәжілісі өтті.
Жиынға аудандық прокуратураның прокуроры Жалғас Жабайұлы, Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Жетісай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы пробация бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Р.Алимов, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, тиісті сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Пробация қызметінің есебінде тұрған, пробациялық бақылауға қойылып сотталғандарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылы атқарылатын әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің мәселелерін қарастыру бойынша Түркістан облысы ҚАЖ департаменті Жетісай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы пробация бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Р.Алимов, сонымен қатар қылмыстық жазаны қолдану тәртібімен қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтар үшін 2021 жылы атқарылған жұмыстардың есебі бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директорының орынбасары Медет Қасымов баяндама жасады. Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер талқылаудан өтіп, тиісті шешімдер қабылданды.
2021 жылдың қорытынды есебі бойынша Жетісай аудандық пробация қызметінің есебіне тіркеуге 209 адам алынды. Оның 168 пробациялық бақылауда. 168 сотталаған азаматтарға жеке бағдарламалар түзілді. 98 сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолданылып, нәтижесінде 99 азамат жұмыспен қамтылған. Пробация қызметі арқылы тікелей жұмысқа 45 азамат орналасқан болса, 54 азамат өз-өзін жұмыспен қамтып отыр.
2022 жылы аудан әкімі Мұрат Болатұлының қаулысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға 12 жұмыс орны белгіленіп, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының 25 наурыз күні NEET жастарды және жұмыс іздеуші азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінің аясында пробация қызметінің есебінде тұрған 12 азаматты толығымен жұмысқа орналастырды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАНЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған