Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры игі дәстүрін жалғастырып, «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» атты кезекті ауқымды қайырымдылық акциясын бастады.
    Бұл акция аясында аудандық әкімдіктің ұйымдастыруымен ауданымыздағы ерекеше қажеттілігі бар және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға 1 тонна 350 кг азық-түлік бөлініп, 50 келіден әлеуметтік себеттер үлестірілді.
    Естеріңізге сала кетсек, «Халық» қайырымдылық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» әлеуметтік маңызы бар акциясы 2020-2021 жылдар аралығында бірнеше рет өткізілген. 2020 жылдың сәуірі мен 2021 жылдың шілде аралығында дейін ондаған мың отбасына қажетті көмек көрсетіліп, онда жалпы салмағы 4 миллион келіден асатын 80 мыңнан астам азық-түлік себетттері таратылған. Тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға, сондай-ақ қиын материалдық жағдайға тап болған ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға жүйелі негізде қолдау көрсетілді.
   Желтоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша 20 000 отбасы тағы да азық-түлік себеттерін – жалпы сомасы 520 миллион теңгеге 1 миллион келіден астам қажетті азық-түлік алады. Әр отбасына салмағы 50 келі өнімдерден тұратын жиынтық беріледі: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық тәттілер жиынтығы.
    Акция ұйымдастырушысы «Халық» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне дейін барлық азық-түлік себеттерін жеткізуді аяқтауды жоспарлап отыр. Еріктілер азық-түлік себеттерін облыс әкімдіктері ұсынған тізімдер бойынша алушыларға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, «Халық» қайырымдылық қоры бизнес-қауымдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп, «Ел тірегі – Елбасы» желтоқсан акциясын қолдауға шақырды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
«ЕЛ ТІРЕГІ —ЕЛБАСЫ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ПАКЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған