Мақтаарал ауданы әкімі міндетін атқарушы Сәкен Сұлтанхановтың бастамасымен мақта дақылының өнімділігін арттыру мақсатында халықаралық семинар өтті.Күзгі жиын-терім науқаны қарсаңында өткен іс-шараға шетелдік және отандық ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, Мақтаарал және Жетісай аудандарының шаруалары қатысты.Көршілес Өзбекстан Республикасынан «RASAYANA» ЖШС-ның агроном-технологы Троцко Игорь Борисович және отандық «Germes» ЖШС директоры Гаджиев Ильмар Билаловичтер ауданымыздың потенциалын ескеріп, сорланған алқаптарда мақта дақылының өнімділігін гектарына 35 центнерге дейін ұлғайтуға болатындығын атап өтті. Ол үшін жаңа заманауи технологияларды пайдалану жөнінде кеңінен ақпараттар берді. Сондай-ақ, өздерінің тиімді қызметтерін ұсынды.
   Аталған ЖШС-лардың қызметіне қызығушылық танытқан шаруаларға толығымен сүйемелдеу жүргізіліп, авторлық препараттарының арқасында мол өнім алуға болатындығын дәлелмен көрсетті. Cондай-ақ, өзбекстандық «RASAYANA» ЖШС-і 1 гектар егістік алқаптан максималды өнім алу үшін 500 АҚШ доллар көлемінде қаржы жұмсалатынын айтты
МАҚТААРАЛДА МАҚТА ДАҚЫЛЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған