Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай 1- қыркүйек Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты.
  Шардара мектеп-лицейінде өткен шарада алғашқы болып сөз алған аудан басшысы:
«Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!
   Сіздерді 1-қыркүйек Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Біздің оқушыларымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуына бар мүмкіндікті жасау біздің басты міндетіміз болып табылады. Сондықтан да биылғы оқу жылында барлық білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық жоғары дәрежеде жүргізілді.Шындығында ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыру мемлекет үшін қашан да маңызды да стратегиялық қадам болып қала бермек.
Елдегі пандемиялық ахуалға байланысты өткен оқу жылында оқушыларымыз негізінен қашықтықтан білім алды. Бұл қадам біріншіден балалардың денсаулығын сақтау үшін жасалған шара болса, екіншіден оқытудың жаңа тәсілін тексеруге таптырмас мүмкіндік болды. Биылғы оқу жылында орта білім беретін мектептерге 1889 оқушы қамтылса, оның ішінде 144 бала осы Шардара жалпы орта мектебіне қамтылып отыр. Биылғы оқу жылында 1 қыркүйектен бастап аудандағы барлық мектептерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі оқыту форматында оқитын болады»- деді.
   Сондай-ақ, 1 қыркүйек – Білім күні мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған оқушыларға «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табысталды.
  Айта кетсек, биылғы жаңа оқу жылында 30 күндізгі орта білім беру ұйымында оқу процесі дәстүрлі форматта 19303 оқушы оқиды. Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда, білім беретін педагогтармен техникалық персоналдарға толықтай вакцина егілді. Бұл көрсеткіш 100%-ды құрайды.
2021-2022 оқу жылына ағымдағы жылдың 1-сәуірінен 31-шілде аралығында ата-аналарының өтініштерімен 1889 бала 1 сыныпқа қабылданды.
 Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
АУДАН ӘКІМІ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУҒА ҚАТЫСТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған