Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан азаматтарымен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары және жауапты бөлім басшылары қатысты. Аудан орталығымен ауылдарынан келген тұрғындар аудан басшысының қабылдауында болып, өздерін толғандырған жол, ауыз су, тұрғын үй, жер телімдерін беру мәселелерін ортаға салды.
Барлық қабылдауға келген жандардың өтініштерін мұқият тыңдаған Мұрат Болатұлы олардың мәселелерін шешу жолдарын ұсынып, нақты жауаптар беріп, осы салаға жауапты қызметтердің басшыларына заң талаптарына сәйкес көмек көрсетіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруды жүктеді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ