Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Жетісай ауданында қоғамдық көлік паркін жаңарту тапсырмасына сәйкес, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің  80 жылдығы мерекесі қасаңында, аудан аумағында жолаушы тасымалын жүзеге асыратын «SAR avto» ЖШС-іне заманауи 14 шағын автобустың кілті салтанатты түрде табысталды.

Көліктердің кілтін тапсыру рәсіміне – аудан әкімі Серік Үсенұлы, аудандық мәслихат төрағасы Медет Алмасбекұлы, еңбек ардагері Тойым Жүнісовтер арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Олар аудан басшысының бұл бастамасы – аудан тұрғындарын қолжетімді, жайлы және қауіпсіз жолаушы тасымалын қамтамасыз ету екеніне сенім білдірді.

«Қоғамдық көліктерді жаңартудағы басты мақсатымыз – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ заңсыз тасымалмен айналысатын көліктерге бәсекелестік орнату», – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Айта кетерлігі, арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында алынған жаңа автобустар, аудан тұрғындарының елді мекендерден аудан орталығына қатынауын жеңілдету мақсатында 10 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін болады.

Өз тілшімізден.

ЖЕТІСАЙДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР  ЖАҢАРТЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған