Жетісай ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 76,3 млрд теңгеге жеткен. Ал, өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 2,9 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,9 пайызға артқанын байқауға болады. Бұл туралы брифингте 9 айда атқарған жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді. 
  Оның сөзінше, ауданда қазіргі таңда 15 351 шағын және орта кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Сол кәсіпкерлік нысандары 21 156 адамды жұмыспен қамтыған.
  «Аудан негізінен ауыл шаруашылық саласына бейімделгені баршаға белгілі. Осы бағытта өндірілген өнім көлемі 46 млрд 79 млн теңгеге жетті. Оның 14 млрд 144,3 млн теңгесі – мал шаруашылығы, 31 млрд 841 млн теңгесі – өсімдік шаруашылығына тиесілі. Айта кетсем, биыл ауданда 78,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның 44 мың гектары – мақта, 21 мың гектары – бақша, 10,1 мың гектары – мал азықтық, 3 мың гектары – көкөніс және басқа да дақылдар», – деді Мұрат Болатұлы.
Сондай-ақ, аудан басшысы инфрақұрылым саласында атқарылып жатқан жұмыстарды да кеңінен баяндады. Ауданда 113 елдімекен болса, соның 103-і орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған. Одан бөлек, 54 ауыл газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 47,7 пайызына тең. Жыл соңына дейін қосымша 4 021 тұрғын, яғни 800-ден астам абонентті табиғи газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 382,4 млн. теңге қаржы қаралған.
ЖЕТІСАЙДА БИЫЛ 4 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған