Төл тарихымызбен, Мәдениетімізді ұмытпай, жас ұрпақты ана тілінде сусындап, ұлттық тәрбиені санасына сіңіре білсек тамыры терең ұлттық коды оянған отаншылық ұл-қыздарымызды тәрбиелей аламыз.
Сондықтан да сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы тұнып тұрған рухани байлығымызбен өскелең ұрпақты сусындата аламыз.
Ұлттық ойын асықтың ойналу жолдарын жаңа тәсілмен үйрету, балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып, ойлау және қимыл дағдыларын жетілдіру, ата аналармен балаларды бірге ойнауға шақырып, отбасылық қарым қатынасты нығайтуды мақсат еткен шара болды. Басқосу педагогикалық ұжым үшін үлкен ізденіс, тәрбиеленушілер үшін қызықты ойын түрі, ата ана үшін өткенді еске түсіріп ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсті…
Ата-бабамыздан қалған мұраны жаңғыртып, ұлттық ойындардың денсаулықты нығайтып, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейтінін түсіндіре кеттік. Балалардың өнерінен басталған кеш ортаға шыққан мерген ұлдардың сайысымен жалғасты. «Асықпен жаттығу»,» Бес тас» ойынын ата-аналар балаларымен бірге ойнап жарысты. «Бес тас» ойынының 11 тәсілін көрсетіп ата анамен тәрбиеленушілерге ұлттық ойынымыздың қыр сырып үйреткен тәрбиешіміздің еңбегін ерекше атай кеткен жөн.
«Бестемше» ойынының ережесін таныстырып, жүріс жасау ерекшеліктері түсіндірілді. Қазақтың ұлттық қазынасы жайлы ойын сұрақ қойылды. Ата аналармен балалар «Қара жорға», «Асық биін» биледі. Асықтармен, түрлі маталардан бірлесе түрлі бейнелер жасап безендірді. Баланың күлкісімен ата ананың шексіз ризашылығына бөленген бұл күн ынтымақтастық күні болғандай. Өзінің жылы лебізін білдірген мектепалды «Жұлдызша» тобының ата анасы ұжымға алғысын білдіріп сайыстың берері мол екенін айтты. Басқа да ата-аналар «халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі жас ұрпақ үшін өй-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін нығайтатын ұлттық ойындардың балабақшадан басталғаны дұрыс. Ұлттық дәстүрді отбасы құндылықтарын ұлықтау әр ата ана міндеті» деді. Балабақша қабырғасында бала мен ата ана арасында осындай шараға ұйықы болған педагогтардың жұмысына оң бағасын берді.
Бүлдіршіндердің дұрыс тәрбиесімен жарқын болашағы балабақшаларға артылған үлкен міндет. Заман талабына сай, ізгі қасиеттерді бойына сіңірген елдің ертеңі балғындарымызға дұрыс тәрбие беру борышымыз деп білемін.
Камал Жанна Капарханқызы,
Жетісай ауданында Абай ауыл округіндегі «Балкерім» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.