ТҮЛКІБАСТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауанына жұмыс сапарымен барып, мәжіліс өткізді. Жиында Түлкібас ауданын дамыту жолдары қаралды. Өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланып, кемшіліктер де ашық айтылды. Олқылыққа жол берген жауапты тұлғаларға сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жөнінде тапсырма берілді.

– Ауданда шешімін таппаған мәселелер бар. Экономикалық, әлеуметтік салалар, сондай-ақ, инфрақұрылымды реттеу, елді мекендерді абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды ширату қажет. Түлкібас ауданының 2023 жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша арнайы меморандум жасалған болатын. Жоспардағы 15 көрсеткіштің 10-ы ғана орындалған. Қалғандарын да назарға алыңыздар. Ауданда инвестиция тарту, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы саласын көтеру бағытында жұмысты ширатыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.

Актив отырысында Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов аудандағы жұмыстарды зерделеу нәтижесін баяндады.

Ауданда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемінің орындалуы 20 млрд. теңге немесе 85 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 2023 жылы 61,2 млрд. теңге болды.

Мәжілісте индустриалды аймақтың жұмысын күшейту, инвесторларға жағдай жасау, өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашу және өзге де салаларды дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.

Қыс мезгілінде «Алматы-Ташкент-Термез» бағытындағы республикалық маңызы бар жол мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы және облыстық маңызы

бар «Кемербастау-Елтай-Жабағылы-Абайыл-Ақбиік» жолдары ауа райының қолайсыздығынан үнемі жабылады. Осының салдарынан жүздеген көлік пен жолаушы жолда қалады. Осы мәселені шешу үшін «Қазавтожол» мекемесіне де ұсыныстар айтылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮЛКІБАСТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған