Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен Мақтаарал ауданы “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мекемесінде халықаралық «Отбасы күніне» орай, қоғамдағы отбасы мәртебесін арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Берекелі шаңырақ» атты кездесу өтті.
Іс шараның жалпы мақсаты-отбасы құндылықтарын ажырата алу және сақтауға тәрбиелеу; Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ отбасындағы қаржылық сауаттылық арттыру.
Кездесуге Бағлан қоғамдық қорының төрағасы Құрбанов Әбілқайыр Жүсіпбекұлы, Педагогика ғылымдарының магистр, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы, » Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету» бөлімі психологі Өміртаева Жансая Ержанқызы және Түркістан қаласының жас отбасылар қатысты.
Осы кездесуге қатысқан жас отбасылар, ата-ана мен бала және әйелі мен күйеуінің қарым-қатынасын қалай жақсартуға сонымен қатар қазір таңдағы отбасылық бюджетті басқару туралы спикерлердің кеңесін тыңдап, тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарын қойса, оларға, арнайы мамандар қойылған сауалдарға нақты жауаптар қайтарды.