Ресми түрде журналистика дегеніміз –  (нем.  Journalismusфр. journalismeағылш. journalism) – 1) баспасөзрадиотеледидаркино,  интернет  сияқты  ақпарат  құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы. Яғни ол, қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.

         Олай дейтініміз, алыс-жақыннан ақпарат алмай томаға-тұйық өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан журналистика мамандығы үнемі ізденісте болуды, жаңарып, жасарып отыруды қажет етеді. Қатаң қағидаларға, даңғаза ұрандарға бой ұрған ақпарат сол мезгілдің қалауына сай келгенімен өміршеңдік қуатынан айырылып қалады. Оған мысал: кеңестік кезеңдегі қызыл ұранға толы жасанды ақпараттарды айтсақ жеткілікті.

        Сонымен қатар, журналистикада – баспасөздерде жылт еткен жаңалықтарды жазумен ғана шектелмейді. Жалпы ауқымы әлдеқайда кең әрі күрделі. Мәселен, дүбірлі  дүниенің әр шалғайында болып жатқан жағымды, жағымсыз ақпараттар, өз еліміздің әр өңіріндегі елең еткізерлік хабарлар, тарихи танымдық шығармалар, әлеуметтік-саяси ой-толғаулар, жол сапарлар, мәдениет пен өркениет жауһарлары болып жалғасып кете береді.

       Өткен ғасырларда халық тек қана газет, радио, толық кемелденбеген телеарналар арқылы ғана өз қажетін қанағаттандырып отырды. Ал біз жасап отырған қазіргі қоғамда космостық тың жүйелер арқылы таратылатын, көрсетілетін ақпараттар озық технологиялар арқылы барлық адамдар үшін қызмет ете бастады. Ол біз көріп, біліп, қолданысқа енгізіп отырған интернет саласы. Келешекте бұдан да озық, тың жобалардың біздерді күтіп тұрғаны сөзсіз. Біз соған сақадай сай болуымыз керек. Жалпы журналистика саласы көп біліммен қатар жаңа ақпараттық технологияларды толық меңгеруді бізден талап етеді.

      Менің ойымша, журналистика мамандығын таңдаған кез-келген азамат өз кәсібіне барынш өте адал болуы керек. Сонымен бірге, қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана болып, әділеттілікті жақтағандары жөн. Қоғамдағы болып  жатқан жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді аямай жариялаудан адасып қалмағаны жөн. Дей тұрғанмен, тың ақпараттарды жариялаған кезде дерек пен дәйек толық болуы шарт. Елден, көшеден естіген жалаң сөздерге сеніп жаза берсе ондай жаңалықтардың көк тиындық құны болмайды. Бір елді немесе бір адамды негізсіз қаралай берсе, жала жапса басы пәлеге қалуы мүмкін. Біз осыған абай болуымыз керек. Ақпарат әділ таразы болып, адам мен қоғам үшін кіршіксіз қызмет етсе ғана біз көздеген мақсаттарға жете аламыз.

     Баспасөздерде (газет- журналдарда) қазақ тілінің грамматикасына, жинақылыққа, емле дұрыстығына, тақырып қоюға үлкен шеберлік қажет. Ал радио-телевизия саласында қызмет атқаратындар әр сөзінің дұрыстығына әрі тұнықтығына, тұлғасы мен әлпетінің сәйкестігіне айрықша назар аударуы тиіс.

НАҒЫЗ ЖУРНАЛИСТ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған