Жуырда «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Саналы маусым» атты жайдарман маусымашарының сайыс ойындары болып өтті.

Қызықты әрі тартысты өткен бұл сайыстың мақсаты – жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікті дамыту, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін шыңдау, олардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, сахна мәдениетін, өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру. Жастар арасында қазақ тілінің дамуына және жандануына үлес қосу және де талантты жастарға барынша қолдау көрсету болды.

Сайысқа аулданымыздағы арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта мектептерден барлығы 20 команда қатысты. Әр команда өзінің жеңіске деген жігерлілігі мен тынымсыз ізденістерін, тыңғылықты дайындықтарын көрсетіп, әзіл-қалжыңдарын көрерменге жеткізе білді.

Әділ қазылар алқасының шешімімен іріктеуден өткен командалар жайдарман ойындарының келесі кезеңіне жолдама алып, жеңіске жетті.

Көрермендердің қызығушылығын оятқан осы сайыстың соңында бүгінде республикалық лигаларда өзіндік ойын үлгісімен танылып, ауданның намысын қорғап жүрген азулы жайдарманшылар ізбасар іні-қарындастарына өз өнерлерін көрсетіп, тиімді ақыл-кеңестерін айтты.

МАҚТААРАЛДА ЖАЙДАРМАН МАУСЫМАШАР ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған