18 қазан – Рухани келісім күні қарсаңында Мақтаарал ауданында «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова жүргізген жиынға аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Ш.Байтен, аудандық «Абдул-әкім» орталық мешітін бас имамы М.Айтмұхамметов және діни бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қатысты.
«Адамзаттың басты құндылықтары адамгершілік, діни және ұлтаралық толеранттылық бүгінгі әлемдік қалыптасқан жағдайда ауадай қажет. Қазіргі таңда дүние жүзінде дін, ұлтаралық қақтығыстар өршіп барады. Бұның қатарын халықаралық терроризм мен экстремизм тағы толықтыруда. Бүгінде бұл даталы күн ұлт, дінаралық шиеленістер мен қақтығыстарға мараторий жариялап, қайырымдылық пен мейірімділікті, адамдар арасында өзара түсіністікті дәріптеп келеді. Осы орайда, 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!» – деді Алтын Күнтуқызы.
Іс-шара барысында аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Ш.Байтен мен аудандық «Абдул-әкім» орталық мешітінің бас имамы М.Айтмұхамметов жарыс сөзге шығып, көпұлтты Қазақстан халқы бір-бірімен тату-тәтті, бірлік-ынтымақта ғұмыр кешуі үшін рухани келісімнің маңызы зор екендігін атап өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде көптеген мәселелер қаралып, нақты ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, рухани келісім күні мерекесі қарсаңында аудамыздың руханият саласына еңбек етіп, жастар мен аудан тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа шақырып, ауданымыздың рухани дамуына үлес қосып келе жатқан бір топ азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
МАҚТААРАЛДА «РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ