Тартысты әрі жеңісті ойындарымен өзге аймақтарға  ауданымыздың атағын шығарып жүрген «Мақтаарал» футбол клубы, өз алаңында  екінші лиганың XVII-тур ойындары аясында, қызылордалық «Қайсар-Шиелі» командасымен кездесу өткізді.

Қызықты әрі тартысты өткен осы кездесу барысында жерлестеріміз қонақтардан  4:0 есебімен айқын басымдылықпен кезекті жеңіске қол жеткізді.

Осы қызықты доданы арнайы тамашалау үшін келіп, жанкүйерлік жасаған  аудан басшысы  Бақыт Асанов жергілікті команданы кезекті жеңістерімен құттықтап, оларға аудан абыройын асқақтатып жүргендері үшін аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді.  

«МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған