Мақтаарал ауданында әкімдіктің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі құрылған болатын. ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29, 30 баптарына сәйкес, аудан әкімі Б.Асановтың өкімімен Дүйсебаев Өмірзақ Жазыұзақұлы аталған бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
    Аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырып, орынтағына жайғастырды. Алда атқарар шаруалар мен бағындырар белестер көп екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.
  Өмірзақ Дүйсебаев 1989 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша, «Тұран-Астана» университетін «заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  Еңбек жолын 2012 жылы Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратында мәдениет және әлеуметтік сала бойынша бас маман болып бастаған.
  2014 жылы Мақтаарал ауданының құрылыс бөлімінің бас маман-есепшісі болып тағайындады.
2016 жылдан бастап Мақтаарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маман-есепшісі болып қызметін жалғастырды.
  Қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН БӨЛІМГЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған