ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабына, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары»-ның 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, аудан әкімі Бақыт Асановтың өкімімен Тұрсынханов Әділхан Айдарханұлы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.
Бүгін аудан басшысы аппарат ұжымына бөлімнің жаңа басшысын таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі.
Ә.Тұрсынханов 1988 жылы Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2037 әскери бөлімінде әскери қызметкер болып бастаған.
2014 жылы іріленген Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман міндет атқарушы, кейіннен бас маман лауазымдарында бірнеше жыл белсенді еңбек етті.
2018 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеген.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ИНСПЕКТОРЛЫҚ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған